Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Үздік жас өлкетанушы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттерінің туған өлке тарихы, мәдениеті мен табиғатына қызығушылығын арттыруға бағытталған «Үздік жас өлкетанушы – 2025» облыстық байқауын өткізді. Шара жас зерттеушілердің ғылыми-ізденіс қабілетін дамытуға, дарынды жастарды қолдауға мүмкіндік берді.

Байқау үш бағыт бойынша өтті:

Туған өлкенің ғажайып табиғаты

Ежелгі және ортағасырлардағы өлке (археология)

Жалпы тарих (этнография, Қазақ хандығы, жаңа және қазіргі заман тарихы)

Жеңімпаздар қаржылай сыйақылармен марапатталып, ғылыми жетекшілеріне арнайы номинациялар табысталды.

Негізгі жеңімпаздар:

Туған өлкенің ғажайып табиғаты:

1 орын – Құлекенова Салтанат (А. Жұбанов атындағы музыкалық колледж)

Ежелгі және ортағасырлардағы өлке:

1 орын – Серік Алтынай (Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті)

Жалпы тарих:

1 орын – Қайыржан Алтыннұр (Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі)

«Үздік жас өлкетанушы – 2025» байқауы өңірдің жас зерттеушілерінің шығармашылық әлеуетін танытып, туған жерге деген сүйіспеншілігін айқындады.