Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Музей мамандары «ARCHEOBOX» мектеп жобасын қолдады

Жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі А. Қызылбаева және кіші ғылыми қызметкер Б. Мелисов Ақтөбе білім-инновациялық лицейі тәрбиеленушілерінің ағымдағы жылы өтетін Республикалық ғылыми жобаларды қорғау олимпиадасына ұсынғалы отырған «ARCHEOBOX» жобасына өз пікірлерін білдірді.

Аталған жоба археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған құнды жәдігерлерді қауіпсіз әрі ыңғайлы тасымалдауға арналған арнайы құрылғы (кейс) ретінде әзірленген. Мамандар жобаның музей ісі мен археологиялық зерттеу жұмыстарындағы практикалық маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта бұл құрылғыны музей базасында бірлесіп сынақтан өткізу туралы ұсыныс білдірді.

Оқушылардың шығармашылық ізденісі нәтижесінде дайындалған «ARCHEOBOX» құрылғысы археологиялық қазба жұмыстарына қолдау көрсетіп, табылған заттарды сақтау мен тасымалдау үдерісін оңтайландыруға бағытталған. Осыған байланысты музей қызметкерлері жас зерттеушілерге жобаны сәтті қорғап, үздік нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектестік білдірді.