Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Өнер өрнегіндегі ұлттық дәстүр» атты тағылымды кездесу кеші

Наурызнама онкүндігі аясында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Өнер өрнегіндегі ұлттық дәстүр» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Кештің басты қонағы – қолөнердің сан қырын меңгерген, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген шебер ана Қазыкенова Қымбат Сатыпалдықызы болды.
Кездесу барысында шебер ана өзінің өнер жолына қалай келгенін, алғашқы қадамдарынан бастап бүгінгі жетістіктеріне дейінгі еңбек пен ізденіске толы жолын баяндап берді. Бүгінде ол – қазақы дәстүрдің терең мәнін бойына сіңірген нағыз өнер иесі. Кеш рухани құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа ұлттық мұраны насихаттаудың жарқын үлгісіне айналды. 
Айта кетейік, Қазыкенова Қымбат Сатыпалдықызы бұл шараға Алға ауданының Тоқмансай елді мекенінен арнайы келіп, өзінің өнерімен бөлісті.