Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

АҚТӨБЕЛІК ЖАС АРХЕОЛОГТАР МЕКТЕБІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

18–19 наурыз күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында «Марғұлан оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

«Марғұлан оқулары» 1989 жылдан бері тұрақты өткізіліп келе жатқан, Қазақстан археологиясының өзекті мәселелері талқыланатын беделді ғылыми алаңдардың бірі.

Конференция археологиялық мұраны зерттеу, сақтау және насихаттау бағытында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға арналды. Биылғы жиында 2025 жылы Қазақстан мен көршілес елдерде жүргізілген далалық археологиялық зерттеулердің нәтижелері қарастырылды.

Бағдарлама аясында секциялық отырыстар ұйымдастырылды. «Ерте темір дәуірі археологиясы» секциясында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Медет Құлмұқанов пен кіші ғылыми қызметкер Баубек Мелисов «Ақтөбе облысында жас археологтар мектебінің қалыптасуы» тақырыбында баяндама жасады.

Ақтөбеде қалыптасқан «жас археологтар» мектебі туралы тың деректерді жүйелі түрде ұсынғаны үшін баяндама белгілі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, Қ.А. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Хабдулина тарапынан жоғары бағаланды. Ол жас зерттеушілерге сәттілік тіледі.

Конференцияға Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Беларусь және Әзірбайжан елдерінен 100-ден астам ғалым офлайн және онлайн форматта қатысты.