Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Түркі дүниесі: табиғат пен мәдениет үндестігі» тақырыбындағы көрмесі

24 сәуір күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ташкент қаласының Бекзод Камолиддин атындағы Ұлттық сурет және дизайн институтының оқытушысы, өнертану философиясының докторы, Өзбекстан дизайнерлер одағының мүшесі Касимов Ойбек Садикжанұлының жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрменің мақсаты – түркі әлемі елдері арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту, тарихи мұраны сақтау, халықаралық туризмді дамыту, халық өнері мен қолөнерін насихаттау, заманауи экологиялық және дизайнерлік шешімдерді көрсету болды.

Іс-шара барысында қонақтарға арнайы мәдени бағдарлама ұсынылды. Атап айтқанда, заманауи және ұлттық нақыштағы киім үлгілерінің дефилесі ұйымдастырылып, өзбек халқының ұлттық билері орындалды. Сонымен қатар «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.

Көрме 24 сәуірден 24 мамырға дейін жұмыс істейді.