Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Домбыра және дәуір»

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра және дәуір» атты көрменің ашылуы өтті.

Көрменің мақсаты – қазақ халқының ұлттық мұрасы саналатын домбыраның тарихи, рухани және мәдени маңызын кеңінен насихаттау, күй өнері арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлі музыкалық өнерді ұлықтау, көрнекті күйші-композиторлардың шығармашылық мұрасын таныстыру, сондай-ақ жас ұрпақтың ұлттық өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Көрмеге музей қорында сақталған қазақтың күйшілік және жыршылық өнерінің тарихын айғақтайтын бірегей жәдігерлер қойылды. Экспозицияда белгілі күйшілер Балтұрсын Сарыбаева, Айса Шәріпов, Бақыт Басығараев және Момын Байғаниннің тұтынған домбыралары ұсынылды.

Сонымен қатар көрмеде белгілі домбыра шеберлері Сүндет Нұрымов, Қарамұқан Басшин, Құтым Қасенов, Ерқосай Әбілов, Жетес Жамеков және жас шебер Мұратхан Таңатарұлы жасаған ұлттық аспаптармен танысуға мүмкіндік берілді.

Көрмеде Қазақстан Республикасының Халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің және ақын, сазгер Бәкір Тәжібаевтың балалық шағында ұстаған домбырасы, генерал-лейтенант Жансен Кереевтің, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Еркін Құрманбектің және өзге де танымал тұлғалардың пайдаланған домбыралары көрермен назарына ұсынылды.