Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді.
Қазіргі таңда жемқорлық тәуекелдерін азайтудың ең тиімді құралы — адам факторын барынша шектеу болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең маңызды аспектілері мен өзекті мәселелеріне мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру (бюджет қаражатының жұмсалуын, мемлекеттік сатып алуларды және халыққа қызмет көрсету үдерістерін толық цифрлық форматқа көшіру), «ақылды» бақылау жүйелерін дамыту (жасанды интеллект қолдану арқылы күмәнді қаржылық операцияларды, мемлекеттік сатып алулардағы бағаны жасанды түрде өсіруді алдын ала анықтау), негізсіз баю үшін жауапкершілікті жүйелеу (мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сәйкес келмеуі (декларациялау жүйесі) және оның құқықтық салдарын айқындау), комплаенс-қызметін нығайту, қоғамдық сананы трансформациялау, азаматтық қоғам белсенділігін күшейту туралы ақпаратпен бөліскен музейдің комплаенс қызметі музей қызметіндегі тәуекелдер мүмкіндігі туралы түсінік берді.









