Афиша

«Ұрпаққа қалған ұлы мұра» көрмесі

21-10-2026

Толығырақ...

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Ұрпаққа қалған ұлы мұра»

2026 жылғы 23 қазанда Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде белгілі қолөнер шебері Қарамұқан Басшыұлының 125 жылдығына орай «Ұрпаққа қалған ұлы мұра» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Қарамұқан Басшин (1901–1982 жж.) Байғанин ауданының Оймауыт ауылында дүниеге келген. Ол өңірге танымал ағаш шебері, соның ішінде домбыра жасау ісінің хас шебері болған. Сонымен қатар ұсталық, зергерлік және етікшілік өнерді меңгерген.

Қарамұқан Басшыұлы қолөнер шебері ғана емес, Батыс өңірінде сирек орындалатын көне күйлерді жетік меңгерген дәулескер домбырашы ретінде де танылды. 1980 жылдары белгілі музыка зерттеушісі Болат Сарыбаев арнайы келіп, шебердің орындауындағы бұрын-соңды таспаға жазылмаған сирек күйлерді жазып алған. Бүгінде немересі Әлия Қарамұқан домбырашылық өнерді жалғастырып, шетелдерде қазақ күйлерін насихаттап жүр.

Көрменің мақсаты – қазақтың дәстүрлі қолөнерін кеңінен насихаттау, ұлттық мәдениетті сақтау мен дамыту, сондай-ақ кейінгі ұрпақты шебердің бай мұрасымен таныстыру болды.

Көрменің салтанатты ашылуына шебердің ұрпақтары қатысты. Көрме аясында келушілер Қарамұқан Басшыұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы тың мәліметтер алып, ұлттық өнердің терең мәнімен танысты.

Көрме ұлттық қолөнер мұрасын дәріптеуге, тарихи жадыны жаңғыртуға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды.