Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

АУҚЫМДЫ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАРЫҚ КӨРГЕН МОНОГРАФИЯЛАР МЕН ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРЛЕРІ ӨТТІ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында үш тілде жарық көрген еңбектердің және «Доңызтау ескерткіштері» атты деректі фильмі 1-бөлімінің тұсаукесер рәсімдері өтті.
Шара аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын Ақтөбе облысы бойынша 2021-2024 жылдары жүзеге асыруға арналған Жол картасының жүзеге асырылу барысы мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел басында облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова соңғы жылдары Ақтөбе өңірінде археология саласы қарқынды дамып келе жатқанын айтып, осы бағытта өз үлесін қосып келе жатқан археолог-ғалымдарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Байтанаевқа 60 жасына орай облыс әкімінің атынан Құттықтау хат табыстаса, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарды, аталған институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Талғат Мамировты, институттың Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Дархан Байтілеуді және институттың Батыс Қазақстан өңірі бойынша өкілі, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Бисембаевты Алғыс хаттармен марапаттады.

Өз кезегінде Ақан Оңғар алдағы уақытта да Ақтөбе өлкесінде көптеген маңызды жобалардың жүзеге асырылатынына сенім білдірсе, Бауыржан Байтанаев «Ақтөбе облысының киелі географиясы» аймақтық бағдарламасының орындалу нәтижелері», Талғат Мамиров «Төлеубұлақ үңғірі маңындағы тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері және Ақтөбе облысының солтүстік аудандарындағы тас дәуірін зерттеу перспективалары», Дархан Байтілеу «Ерте металл дәуіріндегі Мұғалжар тау-кен орталығын зерттеу мәселелері мен перспективалары» және Арман Бисембаев «Үстірттегі жезді қала жұртын зерттеу барысының қорытындылары» туралы сөз етті.

Бұдан соң үш тілде жарық көрген ұжымдық монографиялардың тұсаукесері өтті. Атап айтсақ, «Ақтөбе облысының киелі географиясы» ұжымдық монографиясы, «Ақтөбе облысындағы ерте темір дәуірі көшпелілерінің элиталық археологиялық ескертіштері», «Палеометалл дәуіріндегі Мұғалжар тау-кен және металлургиялық орталығы», «Төлеубұлақ археологиялық кешені және оның маңы» кітап-альбомдары. Еңбектер облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қолдауымен және Ә.Марғұлан атындағы Археология институты және облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалымдарымен дайындалды.

Сонымен қатар жиналған қауым «Ақтөбе өңірінің аса маңызды тарихи-мәдени және сәулет өнері ескерткіштері» жобасы аясында түсірілген «Доңызтау ескерткіштері» деректі фильмінің таныстырылымын және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын Ақтөбе облысы бойынша 2021-2024 жылдары жүзеге асыруға арналған Жол картасына сәйкес 2021 жылы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде табылған археологиялық бұйымдар көрмесін тамашалады.