Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

«Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі

22-10-2024

Толығырақ...

«Саз сазгері - Қазанғап»

08-10-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Толығырақ...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Жер қойнауын барлаушы, өз ісінің шебері, ынталы өлкетанушы» көрмесі

27 сәуір күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанға еңбегі сіңген геолог-барлаушы, өлкетанушы Р.А.Сегединнің 100 жылдығына арналған «Разведчик недр, искусный мастер, увлеченный краевед» тақырыбында уақытша көрменің ашылу рәсімі өтті.

Қазақстанға еңбегі сіңген геолог-барлаушы, өлкетанушы - Ростислав Александрович Сегедин ерекше атауға тұратын тұлға. Ол 1922 жылы 31 қаңтарда  Қырымның  Евпатория қаласында дүниеге келген. 1939 жылы Воронеж  қаласындағы университеттің геология факультетіне оқуға түседі.  

Негізінен Р.Сегединнің еңбек жолы Оңтүстік Орал және Мұғалжар өңірінің геологиясын, пайдалы қазбаларын зерттеумен тығыз байланысты.

Көп жылғы геологиялық зерттеу – барлау жұмыстарының нәтижесінде ондаған құнды да, қызықты еңбектері Батыс Қазақстанның халық шаруашылығы мен зерттеу жұмыстары саласында басшы құжаттар болып табылады.

Оның ең маңызды деген еңбектеріне 21 томдық «Геология СССР», 36 томнан тұратын «Геологическая изученность СССР» сияқты басылымдарды құрастыруға өз үлесін қосуын айтуға болады.

Р.Сегедин ізденгіштігінің арқасында өлкеміздің тарихи, мәдени ескеркіштерін зерттеуге де мол үлесін қосқан. Ол көне заманғы 19 археологиялық ескерткішті тауып, олардың таңбасын Мұғалжар ауданының археологиялық картасына түсірді. Бұл аса үлкен еңбек.

Сондай-ақ, Р.Сегединді Ақтөбе қаласындағы геологиялық музейдің ашылуына септігін тигізген деуге болады. Оның Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінен де алатын орны ерекше.

Музейде геологтың әртүрлі коллекциялардан тұратын жеке қоры бар. Бұл геологтың 310 экспонаттан тұратын геологиялық, палеонтологиялық, археологиялық коллекцияларын музей қорына сыйға тапсырған. Ол көп жылдар бойындағы өлкетанушылар қоғамының мүшесі болды.

Қаланың да қоғамдық өмірінің дамуына атсалысты. Музейдегі Ақтөбе қаласының өткені мен бүгінін бейнелейтін «Актюбинск прежде и теперь» деп аталатын сурет көрмесі осының бір айғағы. Оны қаланың 130 жылдық мерейтойына байланысты сыйға тартты.

Сонымен қатар марка, открыткалар, өңірбелгі коллекцияларын жинақтаумен, ағылшын, неміс тілдеріне аударма жасаумен, ән жазумен, өлең шығарумен айналысқан.

Оның еңбектері бағаланып «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің медальдарымен, Мақтау қағаздарымен, «Кен барлау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.\

«Қазақ КСР-не еңбегі сіңген геолог - барлаушы» деген құрметті атақтың иегері. 

Көрмеде Р.А.Сегединнің өмір  деректері  мен  құжатты  мәліметтері,  тұтынған заттары, тарихи-кітаптар   т.б. қойылып  көрсетіледі.