Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

«Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі

22-10-2024

Толығырақ...

«Саз сазгері - Қазанғап»

08-10-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Толығырақ...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Ақтөбе облысының мәдени-тарихи мұрасын зерттеу, сақтау, жаңғырту мен насихаттаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отандық және шетелдік жетекші археолог ғалымдардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел мақсаты — археологиялық, этнографиялық кешенді зерттеулерді жүргізу, ғылыми зертханалармен байланыс орнатып, өңірде ғылымды дамыту мәселелерін талқылау. Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тікелей қолдауымен қабылданған 2023-2025 жылдарға арналған Ақтөбе өлкесінің мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, жаңғырту мен насихаттаудың Жол картасының өзектілігі мен маңыздылығын ашып көрсету.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов соңғы жылдары жүйелі жүргізілген ізденіс жұмыстарының нәтижесінде облыс территориясында түрлі тарихи, яғни ерте тас дәуірінен бастап этнографиялық кезеңге жататын еліміздің баға жетпес құндылығы болып табылатын мыңдаған тарихи-мәдени мұрамыздың шоғырланғандығын, сондықтан бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын тауып, оған қолдау көрсетілетіндігін атап өтті.

Өз кезегінде ғалымдар өңірдің археологиялық ескерткіштерін жан-жақты зерттеу, облыс аумағында соңғы жылдары көптеп табылған ғұн тайпаларының ескерткіштерінде көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша кезек күттірмейтін өзекті міндеттерді жүзеге асыру мәселелерін талқылап, ой бөлісті.