Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Баласы мен Батақтың атым Сары» атты тарихи-танымдық кездесу өтті

14 қараша күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, әнші, композитор Сары Батақұлының 160 жылдығына арналған «Баласы мен Батақтың атым Сары» атты тарихи-танымдық кездесу өтті.

Шараның мақсаты- артына айрықша өшпейтін із қалдырған Сары Батақұлының өміріне  шолу жасау, шығармашылығын насихаттау және өскелең ұрпаққа жеткізу.

Сары Батақұлы 1863 жылы кәзіргі Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы Талдықұм деген жерде дүниеге келген. Жастайынан ән салуға әуестеніп, ел арасында «әнші бала» атанған. Ол әндері арқылы өз заманындағы әділетсіздік пен озбырлықты әшкерелейді.

Оның «Қыз Қосан», «Дариға», «Әридау», «Дүния», «Сарының Сібірге айдалып бара жатқандағы әні», «Туған ел», әндері адамның, жан-дүниесін, ой-арманын, қиял-сезімін қозғайды. Сары Батақұлы үстем тап өкілдерінің қуғындауымен Ырғыз, Орынбор, Орск түрмелерінде болды. 1895 жылы Орск түрмесіндегі тұтқындарды Сібірге айдап бара жатқан патша жендеттері Орскінің солтүстік жағындағы Шиелісай деген жерде ақынды сотсыз атып өлтіреді. Сары сияқты жан-жақты өнерпаз тұлғаның Ақтөбе өңірінің ғана емес, күллі қазақ халқының мәдениет тарихында өзіне лайықты орны бар.           

1940 жылы Ахмет Жұбанов «Сары» атты музыкалық пьеса жазды. Сарының әні «Амангельді» фильміне пайдаланылды.

Шараға атақты күйші Абдулхамит Райымбергенов, танымал ақын, белгілі журналист, Жазушылар одағының мүшесі Нұрлыбек Қалауов, Ақтөбе музыкалық колледжінің студенттері қатысты.