Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1975 жылы алғаш рет «Жас археологтар» үйірмесі жұмыс жасай бастады. Оған музейдің ғылыми кеңесінің мүшесі Виктор Васильевич Родионов және аға ғылыми қызметкер Ирина Николаевна Степнова жетекшілік етті.
Бүгінде Ақтөбе Мемлекеттік Өңірлік университетінің тарих факультетінің студенттері қатысатын «Жас археолог» үйірмесі жалғасын табуда. Болашақ тарихшылар археологиялық қазба жұмыстарына белсене араласып, жұмыс уақытының екінші жартысында қазба жұмыстары барысында табылған археологиялық олжаларды қалпына келтіріп, өңдеу жұмыстары, қорғандар мен қорымдарға жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласады.