Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

БАСПАСӨЗДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ

«Шолпы» қыз балалар клубының ұйымдастыруымен «Еліміздегі баспасөз қызметінің орны» атты танымдық кездесу өтті.

Шарада «Шолпы» клубының жетекшісі Алмагүл Сарыбай жалпы баспасөз бен баспасөз қызметкерінің қоғамдағы рөліне тоқталды. Облыстық «Ақтөбе» газетінің жауапты хатшысы Мұратбек Ержақып өзі еңбек ететін, ғасырлық тағылымды тарихы бар басылымның өңірдің қоғамдық-саяси өмірінде алар орны туралы айта келе, шығармашылық бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Белгілі журналист Бақыт Жаншаева, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы мерзімді басылымдар бөлімінің қызметкері Жадыра Сағидоллақызы, қаламгер Еркін Дінахметов баспасөздің қоғамдағы орны туралы өз ойларымен бөлісті.

ӨНЕРЛІ ОТБАСЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы — тәрбие мектебі» атты Асылхановтар отбасымен кездесу өтті. Мерекелік шараға белгілі күйші Жайлау Асылхановтың отбасы қатысты.

ТАЛ ЕКТІ

Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы — тәрбие мектебі» атты мерекелік шара аясында Жайлау Асылхановтың, музей қызметкерлері, көп балалы аналар Алмагүл Сарыбай, Нұрсәуле Сансызбайдың отбасылары және медиатор Бибігүл Әбілдаева, қолөнер шебері Лаура Бердібекова музей ауласына тал көшеттерін екті.

18-бет. Барлық бет саны 29