Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Музейдің комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен өткізілген құқықтық сағатта ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы», музейдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, мекемеде мүдделер қақтығысын реттеу туралы және коммерциялық пара беру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талқыланды.

«Даланың дара ұлы – Ахмет»   облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Қазан айының 15-і күні Алға ауданының Самбай ауылында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Алға аудандық білім бөлімі, Самбай ауылының А.Байтұрсынов атындағы мектебімен бірлесе отыра, Алаштың ардақты тұлғасы А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Даланың дара ұлы – Ахмет» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырып өткізді.

ҒАЛЫМДАР АҚТӨБЕДЕ БАС ҚОСТЫ

Ақтөбеде көрнекті ғалым-этнолог, этноархеолог Серік Әжіғалидің 70 жас мерейтойына арналған «Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий аймағы» атты ІІІ Халықаралық ғылыми конференциясы және шара аясында секциялар жұмысы өтті. Оған Отандық және алыс-жақын шет елдерден келген ғалымдар қатысты.

Рысжан Ілиясованы еске алуға арналған дөңгелек үстел

А.ж. 9 қазан күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Қазақ хандығы» залында ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, «Үздік өлкетанушы», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ырғыз ауданының және Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы Рысжан Ілиясованы еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты — өлкетанушының өнегелі өмірін дәріптеп, насихаттау.

«Өткен мен болашақтың арасы» жылжымалы көрмесі

Қараша айының 3-4 күндері Қарағанды қаласында облыстық тарихи-өлкетану музейінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Өткен мен болашақтың арасы» атты Қазақстан музейлерінің қорынан этнографиялық және археологиялық құнды экспонаттардан жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Ақтөбе жері – қаһармандық дастаны» тақырыбында музей қорынан қарақыпшақ Қобыланды батыр, Әбілқайыр хан, Есет батыр Көкіұлы және Арынғазы ханға қатысты жәдігерлер экспозициясы жасақталып қойылды.

«М.Әуезов және оның «Абай жолы» роман-эпопеясы»

28 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінде қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, профессор, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «М. Әуезов және оның «Абай жолы» роман-эпопеясы» атты дөңгелек үстел өтті.

25-қазан Қазақстан Республикасының Республика күніне орай «Егемендік ел бақыты» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды

1990 жылдың 25 қазан күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

«Тәуелсіздік жолымен: Шаханов шыққан шың»

Тамыз айының 17-сі күні сағат 15:00-де музейдің көрме залында Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойына арналған «Тәуелсіздік жолымен: Шаханов шыққан шың» тарихи-танымдық шара өткізілді.

«Ақтөбенің ақпарат әлемі» атты облыстық газеттер және музейдің ғылыми архивіндегі газеттер мен музей қорындағы фотоаппараттар көрмесі

23 маусым күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде 28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні мерекесіне арналған «Ақтөбенің ақпарат әлемі» атты облыстық газеттер және музейдің ғылыми архивіндегі газеттер мен музей қорындағы фотоаппараттар көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

11-бет. Барлық бет саны 15