Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің 21.06.2024 жылы қорға экспонаттар қабылдау, сатып алу, сараптау комиссиясының мүшелері отырысы өтті.

14-10-2026
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың қазан айының 13 –...
Толығырақ...Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің 21.06.2024 жылы қорға экспонаттар қабылдау, сатып алу, сараптау комиссиясының мүшелері отырысы өтті.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоспарына сәйкес, жобасын іске асыру мақсатында Әйтеке би ауданы территориясында далалық зерттеу жұмыстары басталды.
20 маусым күні 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!» тақырыбында мамандармен кездесу өтті.
Мақсаты: жастар арасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымы проблемаларына назар аудару, есірткінің зияны туралы ойлануға түрткі болу.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры ақын, сазгер, драматург Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың бала кездегі алғашқы домбырасымен толықты. Домбыра ағаштан шағын етіп жасалып, шанағының артқы бөлігі ортасына дейін сүйекпен өрнектеп қапталған, төмен қарай бас бөлігі түйенің көн терісімен қапталған. Алдыңғы бетінен төменгі екі пернесінің тұсына да сүйек өрнек жапсырылған. Сақталу сапасы өте жақсы. Шебері белгісіз. Домбыра Бәкір Тәжібаев тәрбиеленген әкесінің інісі Селбай ағасының үйінде, қызы Баян апайдың қолында отбасылық құндылық ретінде сақталып келген...
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 жылдың 5-қаңтар күні республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласына орай елімізде ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, жазықсыздан жазықсыз құрбан болған ұлт ардақтыларын ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Осыған орай Ақтөбе облысында да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесі, архивтерде зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілді.
23 мамыр күні Өнер ғимаратында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты марапаттау шарасы өтті.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Ашық есік” күні өтті.
“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының Ырғыз, Әйтеке би, Алға, Байғанин т. б. аудандарынан келген 200-ге жуық оқушыларға музей залдары бойынша экскурсиялар жүргізілді.
18-мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығы аясында Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні - 2024» мәдени іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді.
Мамыр-маусым айларында Жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің ғылыми қызметкерлері Орынбасаров Е.Е., Уразмагамбетов Н.Н., жылдық жоспарға сәйкес Ақтөбе облысының Қарғалы, Мартөк, Қобда, Ойыл аудандары территориясында археологиялық барлау-зерттеу жұмыстарын жүргізіп Алға, Хромтау, Темір, Мұғалжар аудандарында «Мұртты қорғандар» – жерлеу-ғұрыптық ескерткіштеріне экспедициялық жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуде.
24 мамыр күні конференц залда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызымен музей қызметкерлері арасында құқықтық сағат ұйымдастырылып өткізілді.
Кездесу барысында бірқатар тақырыпты қозғаған Өкіл, бірінші кезек «Адал азамат» концепциясына тоқталды.