Жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі А. Қызылбаева және кіші ғылыми қызметкер Б. Мелисов Ақтөбе білім-инновациялық лицейі тәрбиеленушілерінің ағымдағы жылы өтетін Республикалық ғылыми жобаларды қорғау олимпиадасына ұсынғалы отырған «ARCHEOBOX» жобасына өз пікірлерін білдірді.
20-қыркүйек күні Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық тарихи-өлкетану музейі Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетімен бірлесе белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі болған Мөңке Тілеуұлының туғанына 350 жыл толуына арналған «Мыңжылдықты болжаған Мөңке би» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып өткізілді.








