Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Театр өнерінің майталманы» тарихи-мәдени-танымдық шара

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі Байғанин ауданының 90 жылдығына орай өңіріміздің перзенті, Қазақстанның халық артисі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген актрисасы Алтын Ибрагимқызы Ружеваның туғанына 90 жыл толуына арналған «Театр өнерінің майталманы» атты тарихи-мәдени-танымдық шара ұйымдастырып өткізді. Бұл шараны ұйымдастырып өткізудегі басты мақсатАлтын Ружеваның өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру. Театр өнеріне сіңірген зор еңбегін, жақсы қырларын насихаттау.

А.Байтұрсыновтың туғанына 145 - жыл толуына орай «Ұлт ұстазы- Ахмет» атты ғылыми-танымдық конференциясы

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Алға ауданы Қарағаш селолық округы Самбай ауылының А.Байтұрсынов атындағы мектебімен бірлесе отыра «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алаштың ардақты тұлғасы А.Байтұрсыновтың туғанына 145 - жыл толуына орай «Ұлт ұстазы- Ахмет» атты ғылыми-танымдық конференциясын ұйымдастырып өткізді.

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылып өткізілген «Музейдегі түн - 2018» акциясының  АҚПАРАТЫ

   18 мамыр күні сағат 19.00-24.00 аралығындаАқтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық тарихи-өлкетану, облыстық Өнер, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдегі түн - 2018» акциясы өткізілді.

 26 сәуір Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі мен облыстық ғылыми-коллекциялық тас қоры бірігіп әйгілі геолог Г.И.Водорезовтің 120 жылдығына орай «Человек - служитель и истолкователь природы» танымдық шарасын өткізді.

«Жәдігер жерде қалмасын» акциясы

Ақтөбе  облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен  Облыстық   өнер музейінде  2018 жылдың 15  мамыр күні  18 мамыр - Халықаралық музейлер күні қарсаңында  «Жәдігер  жерде  қалмасын»  акциясы өткізілді. Акция барысында облыс, қала тұрғындарының сыйға тапсырған заттарынан ұйымдастырылған уақытша көрме жасақталды.     

«Рухани жаңғыру және археологиялық мұра. МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ – 2018» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

19 сәуір күні Студенттер сарайында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, ҚР БЖҒМ БК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің бірлесуімен, мемлекеттік идеологиялық бағыттағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті географиясы» және Астана қаласының 20 жылдығына арналған  «Марғұлан оқулары - 2018. Рухани жаңғыру және археологиялық мұра» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы ұйымдастырылып өткізілді.

15-бет. Барлық бет саны 15