Құрманбек Еркін Жолмырзаұлы, Ақтөбе облысына сіңірген еңбегі үшін төс белгі иегері, Нұр Отан партиясының Ақтөбе облыстық филиалының жанындағы «Мирас» мәдениетті және тілдерді дамыту қоғамдық кеңесінің төрағасы, мәдениет саласының ардагері.
Құрманбек Еркін Жолмырзаұлы, Ақтөбе облысына сіңірген еңбегі үшін төс белгі иегері, Нұр Отан партиясының Ақтөбе облыстық филиалының жанындағы «Мирас» мәдениетті және тілдерді дамыту қоғамдық кеңесінің төрағасы, мәдениет саласының ардагері.
9 қазан күні облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Руханият» залы жасақталып, келушілерге есігін айқара ашты.
Облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің мүшелері музейде болды. Тыныс-тіршілігімен танысқан халық қалаулылары тақырыптық-экспозициялық залдарын аралады.
Еліміздің мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Рухани қазына — 2020» ІІІ республикалық байқауын ұйымдастырған болатын. Байқау қорытындысында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі «Үздік мемлекеттік музей сайты» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың қолы қойылған арнайы Дипломы және 500 мың теңге ақшалай сыйлығымен марапатталып, ұжым мерейін үстем етті.
"Қазақстанның киелі жерлері географиясы" арнайы жобасын Ақтөбе облысы бойынша 2021-2024 жылдары жүзеге асырудың жол картасы аясында "Төлеубұлақ үнгірінің петроглифтері және оның тарихи-мәдени аумағындағы ескерткіштерін" ғылыми зерттеу экспедициясының қатысушысы т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Ж.К.Таймағамбетов
Облыстық "Нұр ғасыр" мешітінде Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Руханият" залы жасақталуда. Бұнда әлемдік және дәстүрлі діндердің, соның ішінде исламның, оның діни ілімінің пайда болуы мен Қазақстан аумағында және Ақтөбе облысында даму тарихы туралы мәліметтер жинақталған.
ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Рухани қазына — 2021» онлайн фестивалі өткен болатын. Республикалық фестиваль қорытындысында облыстық тарихи-өлкетану музейі «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, облысымыздың мерейін үстем етті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында қазақ халқының азаттығы үшін күрескен батыр, тарихи тұлға Сапура Мәтенқызы туралы тарихи құнды деректерді, батыр қыз қозғалысының болған жерлерімен жүріп, зерттеп, жинақтап онымен кеңінен танысу мақсатында Қобда, Ойыл аудандарына тарихи-танымдық экспедициясы өтті.
17 наурыз күні облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы аясында Taсқопа I обасынан табылған материалдардың реконструкциясының тұсаукесері өтті.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Арқайым - қалалар елі: кеӊістік пен бейнелер» халықаралық фотокөрмесі ашылады.