05-11-2024
І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Толығырақ...23 маусым күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде 28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні мерекесіне арналған «Ақтөбенің ақпарат әлемі» атты облыстық газеттер және музейдің ғылыми архивіндегі газеттер мен музей қорындағы фотоаппараттар көрмесінің ашылу рәсімі өтті.
Қазан айының 15-і күні Алға ауданының Самбай ауылында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Алға аудандық білім бөлімі, Самбай ауылының А.Байтұрсынов атындағы мектебімен бірлесе отыра, Алаштың ардақты тұлғасы А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Даланың дара ұлы – Ахмет» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырып өткізді.
18 мамыр күні сағат 21.00-02.00 аралығында Халықаралық музейлер күніне орай «Ұлттық құндылықтар – ұлтымыздың қорғаны» атты Дәстүр-Party шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты - қазақ халқының ұлттық киімдерін, ойындарын, салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын музейге келушілерге насихаттап, көрсету.
А.ж. 9 қазан күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Қазақ хандығы» залында ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, «Үздік өлкетанушы», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ырғыз ауданының және Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы Рысжан Ілиясованы еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты — өлкетанушының өнегелі өмірін дәріптеп, насихаттау.
27 сәуір күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанға еңбегі сіңген геолог-барлаушы, өлкетанушы Р.А.Сегединнің 100 жылдығына арналған «Разведчик недр, искусный мастер, увлеченный краевед» тақырыбында уақытша көрменің ашылу рәсімі өтті.
Қазақстанға еңбегі сіңген геолог-барлаушы, өлкетанушы - Ростислав Александрович Сегедин ерекше атауға тұратын тұлға. Ол 1922 жылы 31 қаңтарда Қырымның Евпатория қаласында дүниеге келген. 1939 жылы Воронеж қаласындағы университеттің геология факультетіне оқуға түседі.
28 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінде қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, профессор, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «М. Әуезов және оның «Абай жолы» роман-эпопеясы» атты дөңгелек үстел өтті.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында үш тілде жарық көрген еңбектердің және «Доңызтау ескерткіштері» атты деректі фильмі 1-бөлімінің тұсаукесер рәсімдері өтті.
Шара аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын Ақтөбе облысы бойынша 2021-2024 жылдары жүзеге асыруға арналған Жол картасының жүзеге асырылу барысы мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Тамыз айының 17-сі күні сағат 15:00-де музейдің көрме залында Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойына арналған «Тәуелсіздік жолымен: Шаханов шыққан шың» тарихи-танымдық шара өткізілді.